Қаладан қар шығару жұмыстары жалғасып жатыр
Суға кету қаупі бар Шанхай, Құрмыш, Әуе қалашығы, Мәскеу аудандарынан қар шығару жұмыстары үздіксіз жүріп жатыр. Таңғы сегізден кешкі беске дейін 7 мердігер мекеменің 100 жұмысшысы 90 бірлік техника көмегімен қар шығаруда. Бүгінде полигонға 115 мың текше метр қар шығарылған. Айта кетейік, былтыр суға кету қаупі бар аймақтардан 208 мың текше метр қар полигонға тасылған болатын. Суға кету қаупі бар аймақтарда қар шығару жұмыстары таңғы сағат 8 - де басталып, кешкі 5 - ке дейін жалғасады. Бұл уақыт аралығында қар шығару жұмыстарына 12 мердігер мекеме жауапты. Ал, түнде 4 мердігер мекеме сағат түнгі 11 - ден таңғы 6 - ға дейін үздіксіз қар шығарады. Сондай - ақ, 7 мердігер мекеме жұмысшылары жол жиегін қардан тазартуға жұмылдырылған. Бүгінде суға кету қаупі бар Шанхай, Сүт зауыты, Әуе қалашығы аудандарынан тау-тау болып үйілген қардың жарты бөлігі шығарылды. Қазір Мәскеу, Құрмыш аудандарында қар шығару жұмыстары жүргізілуде. Наурыз айының 10 - на дейін жалғасатын қар шығару жұмыстарына бюджет есебінен 300 млн теңгеге жуық қаражат бөлінген.Количество показов: 832
Дата создания: 13.02.2023 12:35:11