Қалада жаңа емхана ашылды
11-ші және 12-ші шағын аудандардың тұрғындарына ем іздеп, алысқа барудың енді қажеті жоқ. Жаңадан пайдаланылуға берілген №3 қалалық емхананың екі бірдей ықшам ауданнан бөлек, «Көктем» мен «Болашақ» аудандарына да қызмет көрсетуге қауқары жетеді. Үш қабатты емхананың жалпы аумағы - 10 мың шаршы метрден асады. Нысанның құрылысына жергілікті қазынадан 1 млрдтан астам теңге қаржы бөлінген.
Жаңа емхананың қызметін тұрғылықты мекен-жайы бойынша 70 мыңға жуық тұрғын пайдаланады. Емдеу мекемесі соңғы үлгідегі медициналық құралдармен жабдықталған. Арнайы сәуле диагностикалық бөліміндегі жабдықтардың кейбіріне қаладағы өзге емханалар әлі де қол жеткізе алмай келеді. Солардың бірі- мына маммограф. Жабдықпен қалай жұмыс істеу керектігін Алматыдан арнайы шақыртылған маман үйретіп жатыр. Рентгенолог дәрігерлердің айтуынша, оңтүстік кореялық аппараттың артықшылығы көп.
Ал мынау, Апполо дейтін рентген аппараты. Италия мен Канада бірлесіп шығарған. Ішкі құрылыстан бастап, тірек буындарының кескінін жасатуға болады. Жаңадан ашылған емхана дәрігерлерден тарықпайтын болады. Мамандардың бәрі- тәжірибелі. Былтыр ғана медицина университетін тәмамдаған үш жас маманды Алматыға жіберіп, арнайы оқытқан. Емхананың стоматолог, лор, офтальмолог дәрігерлерінің жұмыс орындары автоматтандырылған жабдықпен қамтылған. Емхананың ішінде стационарлық бөлім бар. Мұнда науқастар тиісті ем-домын қабылдайды. Емхананы Жәнібек Нұрмұхамедов басқарады.
|
Количество показов: 2068
Дата создания: 14.01.2014 19:44:01