Қалада жұмыссыздық - 0,8 пайыз
Бұл қалалық жұмыспен қамту орталығының мәліметі. Онда да 678-і жастар тәжірибесіне бағытталған. 355-і қысқа мерзімді қайта даярлау курсында оқып жатыр. 28 ақтөбелік шағын несиемен қамтылып, өз кәсіптерін бастаған. Әлеуметтік-қоғамдық жұмыстарға 800-ден аса адам жұмылдырылды. Сонда жұмыссыз ретінде есепке алынғандардан бүгін тек 213 тұрғын ғана бос жүр. Ал жалпы биыл 14 мың 579 адамды еңбекпен қамту қарастырылған. Жоспар қазір 56 пайызға орындалған. Бағдарлама 3 бағытта жүзеге асуда. Екінші бағыт бойынша 114 ақтөбелікке өз істерін ашуға немесе кәсібін кеңейтуге шағын несие беру жоспарланған. Жыл басынан бері 67 адамға 712 миллион теңгеге жуық қаржы берілді. Үшінші бағытпен әлеуметтік жұмыс орындарына 226 адам бағытталды. Сондай-ақ, жастар тәжірибесіне 826 түлек орналастырылды. Биылдыққа 9 бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтіп, 605 адам тұрақты жұмыс тапқан.
Количество показов: 948
Дата создания: 14.08.2019 18:37:04