Қаладағы Тұңғыш Президент атындағы саябақтың сәні кетіп барады.
Орталық саябақта санитарлық талаптар сақталмайды, деп бірнеше ай бұрын облыстық мәслихат депутаттары шу көтерген болатын. Тұңғыш Президент атындағы демалыс орнын аралаған халық қалаулылары бұл жердің сәулеттік келбетін де сынға алған болатын. Осыдан кейін саябақ әкімшілігі сыннан нәтиже шығарғанға ұқсайды. Бірақ тұрғындар әлі де қосымша абаттандыру жұмыстарына көңіл бөлінуі тиіс дейді. Арсен Боранбаев орталық саябақ маңындағы Сазды өзенінен балық аулайды. Көбіне мұнда қармаққа табан балық пен шортан ілігеді . Балық аулау мен үшін ермек қана, бұл балықтарды өзіміз жемейміз дейді Арсен. Қармаққа іліккен соң қайта суға жіберемін. Себебі мұндағы балықтар жеуге жарамсыз, өзен лас, дейді балықшы. Жалпы қалада 66 гүлзар мен саябақ болса, оның 48-і соңғы 3 жылдың ішінде ашылыпты. Биылдың өзінде қалада бірнеше саябақ пайдалануға берілді. Дегенмен тұңғыш Президент атындағы орталық саябақ қалалықтар ең көп жүретін демалыс орнына айналып отыр.Количество показов: 597
Дата создания: 04.11.2023 01:37:32