Қаладағы пандустардың жайы қалай?
Мүмкіндігі шектелген жандарға қолайлы жағдай жасалсын! Осы мақсатта бүгін қаладағы қоғамдық орындарда салынған пандустардың мүмкіндігі тексерілді. Қала әкімі жанынан құрылған арнайы комиссия емханалар мен сауда орындарын аралап, мүмкіндігі шектелген жандардың мүддесін бірге қорғады. Марғұлан Жетесов ұзақ жылдан бері қоларбаға таңылған. Бірақ, қажетті заттарын алу үшін сауда орындарына жиі барады. Дәріханалар мен дүкендерде мынадай пандустар көптеп орнатылса, керек кезінде дәрісі мен азық-түлікті жалғыз өзі-ақ әкелер еді. Қаладағы қоғамдық орындарда Марғұлан сияқтылардың кедергісіз кіріп-шығуына қолайлы жағдай жасалмаған. Ал бар болса пандустар тиісті талаптарға сай келмейді. Тым биік. Өзгенің көмегінсіз арбамен мініп-түсу мүмкін емес. Бұған бүгін комиссия мүшелері де көз жеткізді. Қала әкімдігі жанынан құрылған комиссия құрамында халық қалаулылары мен облыстық еңбек инспекциясының қызметкерлері бар. "ҚР мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" заң талаптарын орындамаған тұлға 20 мен 40, жеке кәсіпкерлер 200 бен 400 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейді. Айта кетерлігі, жыл басынан бері қоғамдық орындардаға қатысты 120-ға жуық тексеру жүргізілген. Бірақ, бірде-бір рет айыппұл салынбапты. |
Количество показов: 1899
Дата создания: 29.10.2013 19:45:18