Қаладағы көтерме сауда орындары жабық
Кешелі бері қаладағы көтерме сауда орындары уақытша жұмысын тоқтатып тұр. Орталық базар ішіндегі көтерме сауда нүктелерінің бірен-сараңы ғана жұмыс жасап жатыр бүгін. Иелері ашық айтпағанымен бір-екі күндікте тауар құнының өсіп шыға келуі әбден мүмкін. Ал кей көтерме сауда орындарының есігінде қара құлып тұр. Олар кеше жабылған. Күнделікті тұтынып отырған азығымыздың бірі ет. Қазақстанда мал доллармен бағаланбайды. Өзге фактор әсер ететіндей, етке малды шетелден де алып отырғанымыз жоқ. Ірі қара өзіміздікі болған соң бағасы да тұрақты. Ақтөбеліктер күнделікті бас сұғатын ірі дүкендер желісінде де азық-түлік бағасына тұрақтылық сақталып тұр. Қаншаға созылатыны тағы белгісіз. Өйткені "Анвар" ЖШС-і де тауармен қамтамасыз етуші компаниялардың баға саясатына тәуелді. Қалалық әкімдік жағдайды бақылауда ұстауда. Қалалық әкімдікпен бағаны көтермеу жөнінде желтоқсан айында меморандум жасасқан дүкендер мен ірі сауда орындары келісілген мерзім аяқталмай, күнделікті қолданыстағы азық-түлік бағасын жаңарта алмайды. Сондай-ақ бізде тұрақтандыру қоры бар. Қордағы көкөніс көлемі 73 пайыз. Тұрақтандыру қорының көкөністері коммуналдық базарларда тұрақты белгіленген бағамен сатылып жатыр. Қорда сонымен қатар қарақұмық жармасы, күріш және қант бар. Қажеттілік туындаған жағдайда бұл азық-түлік тауарлары саудаға арнайы комиссия шешімімен шығарылады. |
Количество показов: 2305
Дата создания: 12.02.2014 19:13:19