Қаладағы элиталық үй шағын жатақханаға айналуы мүмкін.
Сәңкібай батыр даңғылында орналасқан "Зеленая долина" тұрғын үй кешеніне қарасты 6 көпқабатты тұрғын үй бар. Ғимараттардың бірін жеке кәсіпкер сатып алған. Әуелі кеңсе қылып тапсырамын деген ол, енді бұл ойынан айнып, бөлмелерді жалға бермек. Жатақханалық типтегі тұрғын үй қыламын деп отыр. 28 пәтер құрап, бизнес жасамақ. "Зеленая долина" кешенінің тұрғындары бұған түбегейлі қарсы. №4 - ші үйдің иесі әрбір 28 пәтерге жеке газ желісін тартып, су құбырларын да өткізіп қойған. Электр қуатының төмендеуі әсерінен аймақта жарық жиі өшіп тұрады, дейді тұрғындар. Дәл осындай жағдай №2 - ші үйде де қайталанып отыр.Мәселені шешу үшін қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы Жанаргүл Мақашеваға хабарластық. Айтуынша, мәселеде ешқандай да кінәрат жоқ. Бәрі заңды. "Зеленая долина" тұрғын үй кешенінде тұратындардың 70% - ы зейнеткерлер. Егер осы алаңдағы ғимарат жатақханаға айналса, берекеміз қашады деп отыр. Өйткені, коммуникациялық желілердің өзі жатақхнаға қарастарылмаған. Олар мәселе шешілмесе, облыс әкіміне бармақ.Количество показов: 478
Дата создания: 06.10.2023 00:03:12