Қаладағы ең үздік сынып жетекшісі анықталды
Соңғы турлары 13-14 ақпан күндері өткізілген «Ең үздік сынып жетекшісі» байқауы мәреге жетіп, бүгін жеңімпаздар марапатталды. Шараға қала мектептерінен барлығы 31 үміткер қатысты. Шараның іріктеу кезеңі желтоқсан айында басталып кеткен болатын. Байқауда олар әдістемелік біліктіліктен бөлек, білгірлік тесті арқылы да сыналды. Педагогика және психология саласынан тест тапсырған олар, сонымен қатар мультимедиялық тұсаукесер арқылы жұмыс жүйесін және тәрбие сағаттарын көрсетті. Әділқазылар алқасы шараны өте жоғары деңгейде өтті деп бағалады. Байқауда бірінші жүлдеге №47 орта мектеп мұғалімі Жадыра Ашықбаева лайық деп танылды. Ал екінші жүлделі орынды екі ұстаз бөлісті. Олар №39 мектеп мұғалімі Гауһар Молдашева мен №32 мектеп мұғалімі Ақмарал Жадырасынова. Ақмарал сынып жетекшісі оқушының екінші анасындай болуы керек деген ұстанымда. Ал жүлделі үшінші орынды №8, 30 және 45 мектеп ұстаздары өзара бөлісті. Қалған үздік ұстаздарға «Жаңашыл тәрбиеші», «Тәрбиеші-энтузиаст», «Тәрбиеші психолог», «Ұлттық дәстүрдің білгірі», «Креативті тәрбиеші», «Зерттеуші сынып жетекшісі» секілді номинациялар табысталды. |
Количество показов: 4046
Дата создания: 18.02.2014 20:58:12