Қаладағы 100 қоқыс контейнерінің қасына бейнекамера орнату жұмыстары жүргізілуде
Қыркүйектің ортасында облыста екі айлық тазалық акциясы жарияланған болатын. Сенбіліктер қараша айының ортасына дейін жүреді. Қаланы абаттандырып, көшелерді қалыпқа келтіруге әрбір тұрғын атсалысуы керек. Сондай-ақ, тұрмыстық қалдықтарды жинап, полигонға шығарумен айналысатын коммуналдық кәсіпорындардың да қызметі жіті бақылауда. "Астана" ауданына қарасты Мәншүк Маметова, Нағашыбай Шайкенов, Әз-Наурыз көшелерінде контейнерлер уақытында босатылатынға ұқсайды. Дегенмен, тұрғындар қоқыс салатын жәшіктің сыртына көліктің дөңгелегі, үй жиһазының бөліктері сияқты ірі қалдықтар қалдыруын тоқтатар емес. Аудан аумағынан тұрмыстық қоқысты шығару жұмыстарымен "Нео+" және "Клин Сити" ЖШС айналысады. Мұндай компаниялар көлемді қатты тұрмыстық қалдықтар үшін жауапты емес. Оны тұрғындар полигонға өз күштерімен шығарулары керек. Ақтөбеліктерге бұл талап қанша ескертілсе де, құлақ асып жатқан әзірге ешкім жоқ. "Астана" ауданында жалпы 374 қоқыс алаңы бар. Оның 166-сына "Нео+" , 208-іне "Клин Сити" ЖШС жауапты. Олар кесте бойынша екі күнде бір рет қоқыс контейнерлерін тазартып тұрады.
"Астана" ауданының әкімі Айбек Көпеновтің айтуынша, қазіргі таңдағы ауқымды мәселе қатты тұрмыстық қалдықтарды полигонға жеткізу. Тұрғындар, әсіресе түнде ескі жиһаздарын, құрылыс материалдарының қалдықтарын, істен шыққан тұрмыстық техникаларын қоқыс алаңдарына шығарып тастайды. Осы мәселенің алдын алу мақсатында қаладағы 100 қоқыс контейнерінің қасына бейнекамера орнату жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда қоқыс алаңдарында 20 бейнекамера қондырылған.
Количество показов: 612
Дата создания: 17.10.2022 21:29:07
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>