312-ші атқыштар дивизиясы даңғылы бойымен салынып жатқан веложол құрылысы тоқтап тұр. Оған әлеуметтік желідегі белсенді ақтөбеліктердің құрылыс сапасына келтірген сыны себеп. Бүгін ол жерге қала әкімінің орынбасары Дамир Кубенов бастаған бір топ депутатты да келтірген осы мәселе. Веложол салуда тәжірибесі бар алматылық мердігер компания өкілі алаңдауға негіз жоқ дейді. Ал тапсырыс беруші қала әкімдігі біткен істі қабылдап аларда мұқият боламыз деді. 2021-ші жылдың қазан айында басталған құрылыстың олқылықтарын ақтөбелік белсенділер әлеуметтік желіде көтермегенде тапсырыс берушінің ол туралы хабары да болмайды екен. 312-ші атқыштар дивизиясы даңғылы бойымен тартылып жатқан веложолдың құрылысы қазір уақытша тоқтатылған. Оған да кейбір тұрғындардың наразылығы себеп. Бүгін ол жерге бір топ мүдделі адамды топтастырған да бір мәселе. Алайда өздерін қоғам белсенділеріміз, нағыз велошабандозбыз деген өкілдер жаңа веложол жайлы жаман айтпады. Ал 2023-ші жылға дейінгі жоба құрылысын шаһар басшылығы "Глобал констракшн девелопмент" атты алматылық серіктестікке сеніп тапсырған. Компанияның веложол салуда тәжірибесі мол көрінеді.
Қала әкімінің орынбасары Дамир Кубенов құрылыста 3 түрлі олқылық анықталды деді. Сол кемшіліктер жойылмай, тапсырыс қабылданбайды.
Даңғыл бойында велотрасса бетон құю әдісімен төселіп жатыр. Мердігер өз жұмысына 20 жылға дейін кепілдік беріп отыр. Бірақ бүгінгі түріне қарап, алдағы көктемді еңсере алар ма екен деген күдік басым.
Количество показов: 603
Дата создания: 08.09.2022 21:39:53
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>