Қалада "Таза бейсенбілік" өтті
Бүгін қалада "Таза бейсенбі" акциясы жарияланды. Шаһар тазалығына немқұрайлы қарай алмайтын ақтөбеліктер ертеңгісін сенбілікке шығып, үйлер мен жұмыс орындарының аулаларын ретке келтірді. Есет батыр көшесіндегі 105-ші үйде тұратын ақтөбеліктер сенбілікке шықпай қойды. Ауланы "Назар-3" пәтер иелері кооперативінің жұмысшылары жинады. Көршілес сауда үйінің сатушылары еңбектенуден қашқан жоқ. Ұжымдық сенбілікке жұмыла кірісті. Саудагерлер нысанның есік-терезесін сүртсе, ерлер жағы аула тазалады. Кәсіпкер Асылхан Алдабергенов бүгін сенбіліктің өтетінін білмеген. Жұмыс орнына жете қолына күрек алып, жиылған қоқысты жәшікке салды. Қаланың тазаруына өз үлесін қосты. Кәсіпкерлер бизнес нысандарының сыртқы келбетін тәртіпке келтірулері тиіс. Іргелес аумақтарды тазарту да соларға жүктелген. Тұрғындар аулаларын, ойын және спорт алаңдарын қар түскенше тазалап алулары қажет. Жиналған қоқыс міндетті түрде қала сыртындағы полигонға шығарылады. Қарашаның 16-сы сенбі күні қалада осы жылдағы соңғы жалпы халықтық күзгі сенбілік өтеді. Оған тұрғындардың бірі қалмай атсалысқандары жөн. |
Количество показов: 2286
Дата создания: 14.11.2013 19:32:44