Қалада су тасқынына қарсы күреске 300 миллион теңге бөлінді
Облыс бойынша көктемде суға кету қаупі бар 12 аймақ белгілі. Олар қалада және Әйтеке би, Мәртөк, Ойыл, Темір, Ырғыз аудандары аумағында орналасқан. Күн жылынса осы жерлерді бірінші су алады. Алайда оған жеткізбеу үшін облыстық ТЖД қызметкерлері қазірден бастап қамданып жатыр. Қала әкімі Мұрат Жөребеков су тасқынының алдын алу шараларына бюджеттен 300 млн теңге бөлінетінін жеткізді. Қызыл сумен күреске 480 техника мен мың жарым құтқарушы тартылады деп жоспарланған.Биыл былтырғы жылға қарағанда топырақтың ылғалдылығы жоғары, сондай - ақ күз мезгілінде жерге түскен ылғалдың қоры жеткілікті болатын. Қазіргі кезде барлық өзендерде мұздың қалыңдығы 1 -ден 25 см - ге дейін.
Қалада және Әйтеке би, Мәртөк, Ойыл, Темір, Ырғыз аудандарында су тасқынының алдын алу жұмыстары басталып кетті.
Количество показов: 800
Дата создания: 07.02.2023 11:44:32