Қалада полицияға жедел хабар беруші 10 бірдей "SOS" дабыл түймелері орнатылды. Дабыл қондырғысын орнату үшін демалыс орталықтары мен адамдар көп жүретін жерлер таңдалған. Бейнекамераның көмегімен полиция қызметкері жәбірленушімен тікелей байланысқа шыға алады. Ұялы телефон болмай қалған кезде полицияға хабарласу үшін бұл қондырғылардың көмегі көп дейді тәртіп сақшылары. Бүгін полиция қызметкерлері қала бойынша орнатылған "SOS" дабыл түймелерінің жұмысын тексеріп көрді. Төтенше жағдайларда, басына қатер төнгенге дабыл түймесінің қызметіне жүгінген адам бірден полициямен байланысқа шыға алады. Дәл мұндай дабыл түймелері қаланың 10 жеріне орнатылды. Кезекшіліктегі операторлар тәулік бойы жұмыс істейді.
Тәртіп сақшылары қоғамдық қауіпсіздікті бақылауда мұндай қондырғылардың маңызы зор деп отыр. Қылмыстарды ізін суытпай ашуға септік етеді. Жедел басқару орталығында деректер автоматты түрде тіркеледі. Полиция қызметіне заманауи цифрлық технологияларды енгізу бағдарламасы аясында келер жылы қалада дабыл қондырғылары арттырылатын болады.
Количество показов: 589
Дата создания: 23.11.2022 18:33:08
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>