Қалада сенбілік өтті
Кейбір тұрғындардың тазалыққа жаны қас. Қарапайым қоқыс шығарудың тәртібін білмейді. Терезеден темекі тұқылын тастай салады. Бұл - қаланың көше сыпырушыларының пікірі. Өткен аптаның соңында биылғы жылдың соңғы сенбілігі өтті. Оған меншік түріне қарамастан, барлық ұйымдар мен кәсіпорындар, оқу орындары жұмылдырылды. Сенбілікке шыққандардың бірі - «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Ақтөбе жол бөлімі» филиалының қызметкерлері. Күннің салқындығына қарамастан, жиналғандар ширақ қимылдады. Бірі қоқысты жинап, екіншісі көлікке тиеді. Мекеменің шаруашылық секторының инженері Азамат Жалмұхамбетовтің айтуынша,тазалық жұмыстарының денін өткен сенбіде тындырып тастаған. Жиектастарды әктеп, терек те отырғызыпты. Екі сенбілікте 20 мың шаршы метр аумақ мұнтаздай тазаланға. Шәкизада Берғалиева "Әлия" пәтер иелері кооперативінің жұмысшысы. Жарты жылға жуық уақыттан бері аулалардың тазалығына жауапты. Тұрғындарды танып-білуге осы азғантай уақыт жеткілікті болды дейді ол. Алғыс айтудың орнына терезеден темекі тұқылын тастай салатындар бар. Ескерту айта барсаң, итін айтақтайды, деп Шәкизада Берғалиева ақтөбеліктерге өкпе-ренішін жасырмады. Сенбілікте жиналған қоқыс қалалық полигонға шығарылды. Ауа райы қолайлы болса, қалалықтар "Таза бейсенбіні" әлі де жалғастыратын болады дейді қала әкімінің баспасөз қызметі. |
Количество показов: 2586
Дата создания: 18.11.2013 18:29:01