Бүгін Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Қазақстанға келіп жатқан ресейліктер немен айналысатынын айтты.Министрдің айтуынша, қазір Қазақстанда 22,5 мың ресейлік жұмыс істейді, зейнетақы жарнасын төлеп жүр. Негізінен мигранттар Астана, Алматы секілді Қазақстанның ірі қалаларына тұрақтап жатыр. Ресейдің облыстарымен шектесетін біздің қалада жағдай тұрақты. Облыс аумағында уақытша тұрақтайтын ресейліктерге жеке сәйкестендіру нөмірін рәсімдеу жұмыстары әлі да жалғасуда. Дегенмен, халыққа қызмет көрсету орталығындағылар қызмет алушы ресейліктер саны қазір біршама азайғанын айтады. Ешқандай кезек жоқ. Ресейліктер де ЖСН куәлігін бір күннің ішінде еш кедергісіз рәсімдей алады. Электронды Үкімет порталы және "1414" біріңғай байланыс орталығы арқылды да шетелдіктерге тегін кеңес беріледі.
Жыл басынан бері елімізде 8 мыңға жуық ресейлік жұмысқа тұрып үлгерген. Олардың 72%-і, негізінен, қызмет көрсету, 16%-і - өнеркәсіпте, 9%-і - құрылыста, 2%-і ауыл шаруашылығында істейді екен. Негізгі мамандықтар - клиенттермен жұмыс істейтін менеджерлер, бухгалтерлер, сатушылар, сонымен қатар, автокөлік жүргізушілері де бар.
Количество показов: 583
Дата создания: 11.10.2022 20:44:17
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>