Қалада коммуналдық желілердің 60 пайызының тозығы жеткен
Өңірде «Тарифті инвестицияға айырбастау» жаңа тарифтік саясатқа көшу жоспарлануда. Облыстағы коммуналдық тарифтер соңғы жылдары инфляция индексінің айқындалған деңгейінен жоғары көтерілмеді. Бұл шамамен 4-8% құрайды.Облыс бойынша коммуналдық желілердің тозу деңгейі орта есеппен 60% құрайды. Оның ішінде қала бойынша жылумен жабдықтау желілерінің тозуы шамамен 55%, сумен жабдықтау 48%, су бұру 78%, электр желілерінің тозуы 75%-ға жеткен. Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында монополиялық нарықтарда «тарифті инвестицияға айырбастау» жаңа тарифтік саясатына көшу қажет екендігі атап өтті. Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында бүгінгі таңда табиғи монополиялар саласындағы қолданыстағы заңнамаға бірқатар өзгерістер енгізілуде.
Количество показов: 577
Дата создания: 13.01.2023 14:02:33