Қалада күрішке тапшылық байқалмайды
Қырағы ақтөбеліктер бірер күнде ақ күріштің бағасы өскенін бірден байқапты. Жұртшылық тек күріш қана емес, басқа да азық- түлік түрлері күн сайын қымбаттап жатыр деп шағымдарын айтты. Бірақ азық-түлік сатып алмай тағы отыра алмаймыз деп ақтарынан жарылды. Дегенмен елде күрішке деген тапшылық жоқ. Қорда бірнеше айға жететін өнім сақтаулы тұр. Өндіруші зауыттардан күріштің бір келісі 256 теңгеден босатылуда. Көтерме баға 340- 390 теңге аралығында. ҚР ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің мәліметі бойынша, шет елдерге өткен тоғыз айдың ішінде 70 мың тонна күріш экспортталған. Әсіресе, ұнтақталған күріштің 80%- ы көршілес Ресейге жөнелтілген.
Количество показов: 705
Дата создания: 07.12.2022 12:31:54