Қалада гүл саудасы қызып тұр
Әйелдер мейрамы қарсаңында гүлге сұраныс артатыны белгілі. Биыл да бұл дәстүр өзгермеді. Қаламызда гүл саудасы қызып тұр. Гүл қашанда әсемдіктің, жаңарудың символы. Нәзік жандыларды да сол себепті гүлге теңейміз. Оның үстіне әйелдер мейрамының да көктемнің алғашқы аптасында келуі тегін емес. Көктем де жаңарудың, гүлденудің нышаны. Гүл, әйел және көктем, осы үш ұғым жиылып келіп, әйелге деген сүйіспеншілік белгісі- гүлмен өріледі. Бұл үрдіс жылдар бойы жалғасып келген-ді, жалғасып та жатыр. Экономикалық дағдарыс, теңгенің құлдилауы бұған ешқандай тосқауыл бола алмапты. Қаладағы гүл дүкендері көріктілерін гүлмен риза қылғысы келген бөріктілерге толы. Дегенмен гүл сатушылар бағаның жылдағыдан өзгермегенін айтады. Ал ер азаматтарымыз тарапынан қандай гүлге сұраныс жоғары? Гүл сатушылар бұған бір ауыздан қызғалдақ деп жауап берді. Өйткені ол көктемнің символы, көп ер азаматтың таңдауы аталмыш гүлге түсіп жатқаны сондықтан. Гүл дүкенінің сатушылары бүгін гүл алғандардың көбі мекеме қызметкерлері екенін айтады. Көпшілігі әріптестерін құттықтауға асығуда. Нағыз мереке ертең, сол себепті гүл дүкендерін жағалайтындардың саны екі-үш есеге артпақ. |
Количество показов: 2222
Дата создания: 07.03.2014 18:14:51