Қалада ет қымбаттады
Әрбір отбасы ертеңгі мерекелік дастарханын толтыру қамымен жүр. Сондықтан коммуналдық базарларда ет алушылар қатары көбейген. Сұраныс артқалы ауыл, аудандардан ет жеткізушілер екі есеге көбейген. Бақандай 20 жылдан бері ет сатумен айналысатын Ғалия апайдың айтуынша, қазақтар қай кезде де етсіз отырмайды. Шыжыған жазда да сойылған малдың еті өтіп кететін көрінеді. Ал ескі жылды есіркеп, жаңа жылды қарсы алар сәтте ақтөбелік ханымдардың қазанға толтыра ет асуы орынды дейді. Еттің бағасы екі күн бұрын 10 пайызға көтерілген. Үш күн бұрын ғана 1800 теңгеге сатылған сиыр етінің бағасы қазір 1850-1900 теңгеден түспейді. Себебі сорпа-қатық қылуға жұртшылық көбінесе осы мүйізді ірі қараның етін сұрайтын көрінеді. Бүгін базарға ет іздеп келген тұрғындар жаңа бағаға наразылықтарын білдірді.
Қымбатшылық құс етіне де келген. Үйрек, қаз, тауық етінің бағалары 3000 мыңнан 7000 теңгеге дейін барады. Тауық жұмыртқасының 10 данасы 340 теңгеден 470 теңгеге дейін. Тартылған еттер 1500 бен 2500 теңге аралығында. Жал-жая, қазы - қарта 2300-ден 2800 теңгеге дейін. Ал сиырдың сүбе еті келісіне 2000 теңгеден бөлек өлшеніп сатылады.
Количество показов: 555
Дата создания: 30.12.2021 18:55:38