Қалада бұралқы иттерді аулау жұмыстары күшейтілді
Жануарларға жанашыр еріктілердің пікірін ақтөбеліктер түгелдей қолдай қоймайды. Қала тұрғындары қаңғыбас иттердің көбейіп кеткендігін, аш жануарлардың адам өміріне қауіпті екенін айтады. Жуырда орын алған жағдайлардан кейін «балаларымыз үшін қорқамыз» - дейді. Облыстық ветеринария басқармасы биыл 2- наурызда күшіне енген ҚР «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңы негізінде әрекет етуде. Қазір тұрғындардың арыз-шағымы негізінде қалалық ветеринарлық стансаның 5 бригадасы қаңғыбас иттерді аулауға жұмылдырылған. Ит аулаушылар күніне 30-дан 70-ке дейін бұралқы иттің көзін жоюда. Жыл басынан бастап 2- наурызға дейін облыс аумағында 3792 ит ауланып, жойылды. Заң күшіне енгеннен кейін ветеринарлар иттерді тек адамға немесе жануарға шабуыл жасаған жағдайда, сондай-ақ, қоғамға қауіп төндіретін өзге де жағдайларда тұрғындардың немесе учаскелік инспекторлардың шағымымен аулады. Осылайша, соңғы үш айда 754 бас иттің көзі жойылды. Биылғы жылы қаңғыбас ит-мысықты аулауға және жоюға облыстық бюджеттен 51 млн теңгеден астам қаржы қарастырылған.
Количество показов: 802
Дата создания: 15.06.2022 19:52:48