Соңғы тәуліктегі қарлы-боранды ауа райы ақтөбеліктерді біраз әбігерге салды. Табиғаттың тосын мінезі жолдардың күтіміне жауап беретін арнайы мекемелердің жұмысын да біраз қиындатты. Түнімен үздіксіз жауған қар жолдар мен тротуарларды басып салды. Оның үстіне аяқ асты көктайғақ. Қала көшелеріне шыққан жол тазалаушы мекеме жұмысшылар тынбастан қар аршып жатыр. Ақ ұлпа техниканың көмегімен қала сыртына шығарылуда. Көлік нөпірі көп жолдар мен көпірлерге құм, тұз себіліп жатыр. Қар шығарушы мекеме жұмысшылары әдеттегідей тазалық жұмыстарын бас даңғылдан бастаған. Әбілқайыр хан даңғылының бойында ауыр техникалар жүйткіп жүр. Бірі жолаушылар жолын тазаласа, екіншісі үйілген қарды тиеп жатыр. Біраздан бері ақ ұлпа жаумаған шаһарға өткен тәулікте түскен қардың ылғалдылық мөлшері 12 мм-ді құрайды. Бұл нормаға сай дейді мамандар. Қазан айынан бері қос полигонға 5 мың текше метр жиналған қар жеткізілген.
Көшелер мен айналма жолдарды тазартумен 10 арнайы мекеме айналысуда. Бригадалар елді мекендердегі көлік жолдарын тазартуда. Көктайғақты болдырмау мақсатында құм-тұз аралас қоспа себілуде. Жолдарға 17 бірлік техника құм шашып жүр. 600-дей көше, даңғыл, қала іргесіндегі Қарғалы, Благодар, Қурайлы, Жаңақоныс, Сазды ауылдарына жұмысшы бригадалар кезекшілікке шыққан. Жол бойын сыпыратын, жиектастарды тазартуға арналған, қар тиейтін ауыр техникалар Маржанбұлақ, Құрашасай ауылдарына да барады.
Количество показов: 750
Дата создания: 27.12.2021 18:36:54
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>