Қалада 76 мың текше метр су сорылды
6-наурызда қалада су тасқынына қарсы штаб жұмысын бастады. Бүгінге дейін мыңға жуық өтініш түскен. Барлық шақыртулар бойынша жұмыстар атқарылған. 76 мың текше метр су сорылған. 721 текше метр инертті материал таратылған. Су тасқыны кезеңі басталғалы ахуалды орталықта диспетчерлердің саны артты. Call орталығының 109 нөміріне кез келген уақытта хабарласуға болады. Штаб үздіксіз жұмыс жасап тұр. Қалада 100-ге жуық қарғын су басу қаупі жоғары аймақ бар. Қалада еріген қар суын сору және қар шығару жұмыстары белсенді жүріп жатыр. Ерекше бақылауға алынған 4 учаскеде, атап айтқанда, Мәскеу, Шанхай, Құрмыш, қалалық сүт зауыты аудандарынан 218 мың текше метр қар шығарылған. Қала бойынша 12 наурызда 38 мың текше метр су сорылды. Сондай ақ, арықтарды тазарту жұмыстарына еріктілер, 6655 әскери бөлімінің сарбаздары тартылған.Количество показов: 705
Дата создания: 13.03.2023 11:23:30