Қалабасы аруларды көктем мерекесімен құттықтады
Бүгін қалалық мәдениет үйінде шаһар басшысы Мұрат Жөребеков ақтөбелік аналар мен қыз-келіншектерді 8 наурыз- халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Батыр аналарға төсбелгі тағып, өз саласында үздік еңбек етіп жатқан азаматшаларға "Алғыс хаттар" табыстады. "Әйел әлемі" атты мәдени шараға түрлі салада қызмет етіп жүрген қыз-келіншектер шақырылған. Қонақтар назарына концерттік бағдарлама ұсынылып, гүл шоқтары, естелік сыйлықтар тарту етілді. Шаһар басшысы Мұрат Жөребеков 10 - ға жуық көпбалалы ананы "Күміс алқамен", сондай - ақ, 10 - нан астам нәзік жандыларды "Алғыс хаттармен" марапаттады. Мереке қарсаңында ақ жаулықты аналарды, ұстаздарды, мәдениет саласының қызметкерлерін мерекемен құттықтап, игі тілегін жеткізді.Сахнада арулар құрметіне ән шырқалып, би биленді. Сондай - ақ, қала әкімі атынан мерекелік шараға жиналған барша аруларға гүл шоқтары табыс етілді.
Количество показов: 753
Дата создания: 08.03.2023 07:50:45