Қалабасы 101-ші атқыштар бригадасының жауынгері Сатылған Бекмағамбетовтің шаңырағында болды
101-ші атқыштар бригадасының жауынгері Сатылған Бекмағамбетов өзін бүгінгі қарттар мерекесімен құттықтап келген қала әкімі Асхат Шахаровты ақ батасымен қарсы алды. Ғасыр жасаған қарт қаруластары арасынан өзі ғана тірі қалған. Қобда ауданының тумасы майданға 20 жасында сұранған екен. Сатылған Бекмағамбетов 1921 - жылы Ойыл ауданының Саралжын ауылында дүниеге келген. Ал 1941 жылы майданға барып, 1942- жылы 101-атқыштар бригадасы құрамында шайқасқа түсті. Бригада қарамағында 4 мыңға жуық жауынгер, 16 жүк машинасы, 6 жеңіл көлік пен 460 жылқы болған. Сатылған Бекмағамбетов 101-ші атқыштар бригадасы жауынгерлері арасында бүгінге жеткен жалғыз ардагер. Ол Мәскеу, Ржев, Смоленск түбіндегі қанды шайқастарда аман қалды, екі рет жараланды. Бүгінде жүз жасқа толған қарияның үйіне қала әкімі сый-сыяпатсыз келмеді. Ол таңда жайылған ақ дастархан басында ардагерге бітпей тұрған моншасының жөндеу жұмыстарын "аяқтап беремін", деп уәде етті.
Ақсақал 8 баласынан 16 немере, 21 шөберемен қатар шөпшегін де көрді. Ардагердің ұлы Құбайдолла Исмағұлов "құпия сақтау" туралы жарлыққа қол қойғанмын деп әкесі соғыс туралы тіс жармағанын алға тартады. Ардагер құттықтап келгендерге алғысын айтып, батасын берді. Қала басшысының құттықтауы осымен шектеліп қалмады. Ол өзге де қарияларға дастархан жайып, сыйлықтар табыстады.
Количество показов: 743
Дата создания: 01.10.2021 18:25:41
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>