Қала жолдарын жөндеуге 6 миллиард теңгеден аса қаржы бөлінді
Биыл қалада жол салу, жолдарды орташа, күрделі жөндеу бойынша барлығы 28 жоба жүзеге асырылады. Бұл мақсаттарға республикалық бюджеттен 6,2 миллиард теңге бөлінген. Бірқатар көше толық жөндеуден өтеді.Көктем шығып, жер кепкен бойда қалада жол жөндеу жұмыстары басталады. 28 жоба әзірленген. Республикалық бюджеттен 6 миллиард теңгеден аса қаржы бөлінген. 5 жоба жол құрылысы мен жолдарды қайта жаңғыртуға байланысты. Бұған жалпы ұзындығы 13,8 шақырым жол кіреді. Жолдарды қайта жаңғырту бойынша 3 жоба ауыспалы. Олар Кірпішті елді мекенінде Елек өзеніндегі көпірден "Ақтөбе-Орск" тас жолына дейінгі Ақжар трассасының 9,2 шақырым болатын бөлігі, Батыс-2 ауданындағы ұзындығы 3 шақырым болатын Тәуелсіздік көшесі, Құршасай ауылына кіреберіс жол салынады. Сондай-ақ, 2 жаңа нысан бар. Ақжар ауылындағы Қарғалы өзені бойындағы көпір жөнделеді және Заречный-2 ауылында №46-шы мектептен Хромтау тас жолына шығып кететін автожол салынады. Күрделі жөндеуге қатысты 16 жоба бар. 16, 5 шақырым жол күрделі жөнделеді. Орташа жөндеу жұмыстары 17,2 шақырым жолда жүргізіледі. Олар Сәтпаев, Пацаев, Есет батыр көшелері, Ә. Молдағұлова даңғылы, Сазды, Жаңақоныс тұрғын алабындағы көшелер, Тургенев көшесінің Бейбітшілік даңғылынан Чернышевский көшесіне дейінгі бөлігі жөнделеді.Количество показов: 761
Дата создания: 28.02.2023 11:56:03