Қала жолдарын қыста 7 мекеме тазартады
2014-ші жылдың соңына дейін жолдарды күтіп ұстауға 300 миллион теңге жұмсалады. Ал қыста көшелерді қардан тазартып, көлік жолдарына көктайғаққа қарсы инертті материалдар себумен 7 мердігер мекеме айналысады. Олардың 200-ден астам арнайы техникасы дайын тұр. Жылдағыдай қыстағы қала және іргелес 5 селолық округтің тазалығына 7 мердігер мекеме жауап береді. Олардың жаратуына бөлініп отырған қаражат 300 миллион теңге. 2014-ші жылдың аяғына дейін жетуі тиіс. Тазалық мекемелері қарашаның бірінен бастап күні-түні кезекшілікте. Бірақ, әзірге оларды ауа райы әуре-сарсаңға салып жатқан жоқ. Биыл қыс қалаға кеш түсетін сыңайлы. Алғашқы жауған қардың жұрнағы да қалмады. Араласа жауған жаңбыр аяқтың астын бүлдірді. Шағын көлшіктер көлік жолдарында да пайда болып жатыр. Осындайда арықтардың жетіспейтіндігі білініп қалады. Құрылысы жақында біткен жолдар қар аралас жаңбыр түріндегі алғашқы сынаққа төтеп берді. Мамандар қыс бойы да қиындық туындамауы тиіс деген сенімде. Ал су жаңа жолдардың жөнге келтірілмеген жиектері мен айналасы ретсіз аялдамалардың жағдайы жабулы қазан жабулы күйінде қалған сыңайлы. |
Количество показов: 1982
Дата создания: 03.12.2013 19:30:07