Ақтөбенің аумағы кеңейіп жатыр. Қала іргесінде 1600 жер үйге шақталған "Шығыс-1" тұрғын үй алабы бой көтеруде. Бүгін өңір басшысы Оңдасын Оразалин мен қалабасы Асхат Шахаров құрылыс алаңында болды. Қазір тұрғын алабында 100 үйдің құрылысы аяқталып тұр. Тоқ жүргізіліп, газ желілері тартылуда. Қазан айына дейін жарық берілуі тиіс. Жұлдыз Мейірханова сабақтайды. "Шығыс-1" тұрғын үй алабы қаладан 25 шақырым қашықта орналасқан. "Рауан" ауылынан әрірек бой көтеруде. Қоңыр шатыры бар жер үйлер қаз-қатар салынып жатыр. Тұрғын үйлер алабына жартылай тоқ жүргізіліп, газ тартылып тұр. Жарық таратушы бағаналар орнатылуда. Құрылыс алаңына келген әкімдер көшелердің сызбасын пысықтады. Инфрақұрылым тартылуының мән-жайын сұрастырды. Қаланың бас жоспарына сәйкес, тұрғын үй алабына келер жылға дейін газ, су желілері кіргізілуі тиіс. Болашақта бұл ауылда 1600 отбасы түтін түтетеді.Өңір басшысы мұндай тұрғын үй алаптары бой көтергенде, инфрақұрылым желілерін тартуды жеделдету қажеттігін баса айтты. Газ, су, жарық мәселесі шешілсе, халықтың тұрмыс-тіршілігі жеңілдейтінін алға тартты. Қазір тұрғын үйлердің қасбетін әрлеу жұмыстары шаһардың ескі бөлігінде де жүргізіліп жатыр. Матросов, Шернияз көшелеріндегі ескі үйлер сары, қоңырқай түстерге боялуда. Көп қабатты үйлердің көше жақ бөлігін сырлау жұмыстарымен "Ореон" ЖШС-нің жұмысшылары айналысуда. Серіктестік шебері Нұрсұлтан Бектілеуовтің айтуынша, сонау Франциядан жеткізілген бояулар өте сапалы, кепілдік мерзімі 10 жылдан асады. Кез келген ауа райына шыдамды. Түсті ұзақ жыл сақтауы тиіс. Қасбеті әрленген үйлерді қарап шыққан өңір басшысы Батыс-2 ауданындағы жөнделіп жатқан жолдардың құрылысымен танысты. Тәуелсіздік даңғылы сегіз жолақты болып кеңейтілуде. Бір бөлігі 16 метрге жуықтайды. 1 млрд 800 млн теңгеден асатын қомақты қаражатқа жол кеңейтіліп, жаяу жүргіншілер жолы салынып, көше жарықтандырылмақ. Даңғылдың құрылысы келер жылы аяқталады. Сәңкібай батыр даңғылымен қиылысатын тұсы көліктердің жүруіне қиындық келтірмейтіндей етіп тегістелген. Жол салушы мердігер мекеме мұндай жұмыстар ескеріліп жатқанын алға тартты. Айта кетелік, қалада жол жөндеу жұмыстары Есет батыр көшесінде де жүргізіліп жатыр. "Нұрлы жол-7" ЖШС-гі біраз жылдан бері күйі кетіп тұрған көшенің 2,8 шақырымына жаңа асфальт жабындысын төсеп жатыр. Әуелі көне асфальт сүріліп, екі мәрте ұсақталған мастикалық тас төселген.
Өңір басшысы Оңдасын Оразалин жұмыс кестесінің соңында Ағайынды Жұбановтар көшесінде орналасқан көп қабатты үйдің ауласын қалыпқа келтіру жұмыстарымен танысты. Ауланы абаттандыру жұмыстары аяқталуға жақын. Ескі үйдің тар ауласы кеңейтіліп, асфальт төселуде.
Шаһардағы ескі үйлердің аулаларын абаттандыру жұмыстары әлі де жалғасады. Биылға 100 ауланы қалыпқа келтіру жоспарланған. Қазір Ағайынды Жұбановтар көшесіндегі алты үйдің ауласы кеңейтіліп, жиектас салынуда. Көлік, жаяу жүргінші жолдары көктем, күз айларында су шаймас үшін биіктетілген.
Количество показов: 894
Дата создания: 04.08.2022 18:55:15
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>