Қала көшелерін су басты
Шаһарда соңғы тәуліктерде тоқтамай жауған жаңбыр тұрғындарды әбден әбігерге салды. Қалада арықтардың жетіспеушілігінен көшелерді су басып, қатынас қиындады. Әсіресе, қаланың етегіндегі ауылдарда жағдай мүшкіл. Тұрғындар далаға шығудан қалдық дейді.
Қыс Ақтөбеге ерте түсетін. Қараша айының орта тұсында қалың қар түсіп, сықырлаған аяздар келе бастайтын. Қазір сыртта ауа температурасы нөлден жоғары. Қардың орнына тоқтаусыз жаңбыр жауып тұр. Коммуналдық қызмет техникалары аяқ астын құрғатып үлгермей жатыр. Ақтөбедегі арық жүйесін реттеу ұзақ жылдар шешімі табылмай келе жатқан өзекті мәселелердің бірі. Қала билігі арық желілерін салу және қалпына келтіру бойынша жобалық- сметалық құжатты әлі бітіре алмай келеді. Жоба 2023 жылы дайын болады деп жоспарланған.
Количество показов: 572
Дата создания: 14.11.2022 19:48:28