Қала әкімдігінде "2022 -жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық туралы" жиын өтті
Бүгінгі отырыста уақытылы қарды шығару, арықтарды, жыраларды тазарту мәселелері көтерілді. Қалалық су тасқынына қарсы штап мотопомпалар, 100 ассенизатор, 2000 қап, 4000 тонна инертті материал әзірлеп қойған.
Осы қыста 151 мың текше метрден астам қар шығарылды. Қала әкімі жауаптыларға алдын ала су тасқынына қарсы іс-шаралар кешенін өткізу бойынша нақты тапсырмалар берді. Қары аршылмаған көшелерде алдағы сенбі-жексенбіден бастап рейдтік іс- шаралар өткізу жоспарлануда. Біздің өңірде демалыс күндері ауа температурасы көтеріледі. Жауын-шашынсыз. Қала әкімі Асхат Шахаров тұрғындарға қызыл су қаупі төнген уақытта 112-ге хабарласуды ескертті.
Количество показов: 627
Дата создания: 18.02.2022 17:55:34