Қала әкімдігі атсалысуды сұрайды
Биылғы қыс қала тазалығы мен жолға жауапты мекемелерді әбден сынады. Бір аптаның ішінде 3 айда жауатын қар түсті қалаға. Тұрғындар коммуналдық кәсіпорындардың қабілеті мен қауқарын бажайлап отыр. Бүгінге дейін ақтөбеліктерден қала іші қардан тиісті деңгейде арылмай жатыр деген арыздар көптеп түсті. Қалалық әкімдік те жүктелген шаруаға шамасы келмеген мекемелерді жазаладық деп, мәселенің барын жоққа шығармады. Биыл қала және селолық округтердің тазалығын қамтамасыз ету жұмыстарына жергілікті бюджеттен 300 миллион теңгеге жуық қаржы бөлінген. Биылғы қыс атқарылып жатқан жұмыстардың көлемін есепке алсақ, ақша аздық етеді дейді қала әкімінің орынбасары Геннадий Дудаков.
Қар еріп, көктем шыға бір мәселе одан да күрделі проблемаға ұласқалы тұр. Әсіресе тұрғын үй секторындағы тау-төбе болып үйілген қарларды полигонға шығару кешіктірілсе, қала суға кетеді. Жергілікті атқарушы билік бұл мәселені қадағалап отырмыз дейді. Бірінші кезекте су басу қаупі басым - қалалық сүт зауыты, Құрмыш, Мәскеу аудандарының қары сыртқа тасылады.
|
Количество показов: 1809
Дата создания: 24.01.2014 18:35:17