Қала әкімі әйелдер қауымын құттықтады
Т. Ахтанов атындағы облыстық драма театрында бүгін "Әйел-әлемнің нұры!" атты 8-наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерт өтті. Кешке қонақ ретінде қаладағы түрлі салада еңбек етіп жатқан қыз-келіншектер, көп балалы аналар, соғыс және тыл ардагерлері қатысты. Жиналғандарды қала әкімі Ерхан Омаров құттықтап, сыйлықтар табысталды. Т. Ахтанов атындағы облыстық драма театры бүгін ханымдарды қарсы алды. Театрдың табалдырығын аттаған әр келіншекке жеке-жеке қошемет көрсетілді. Жігіттер сырттан кірген кісіні қол шапалақтап қарсы алып, аналарға раушан гүлін сыйлап жатыр. Бокалдарға құйылған аққайнар ұсынылды. Театр залына ер балалар ханымдарды қолтықтарынан демеп, кіргізіп, орындарға жайғастырды. "Әйел әлемнің нұры!" атты концерт 8-наурыз халықаралық әйелдер күніне орайластырылған. Оған әртүрлі саланың қызметкерлері, көпбалалы аналар, соғыс, тыл ардагерлері барлығы 400-ге жуық адам шақырылған. Көрермендер "Әлия гүлі" ұлттық би ансамблінің орындауында "Сақ қыздар" биін, "Нұрсәт" балабақшасы тәрбиеленушілерінің "Авангард" сән топтамасын тамашалады. "Көктем ханшайымы" қалалық байқауына қатысқан арулар мерекелік кешке көрік қоса түсті. Жиналғандарға қала әкімі атынан сыйлықтар берілді. Гүл және жеміс-жидекке толы себеттер мереке қарсаңында нәзік жандыларға лайықты сый. |
«Тәулік» бағдарламасының толық нұсқасын мына сілтемеден қараңыз
Количество показов: 1953
Дата создания: 06.03.2014 18:52:22