Бүгін қала әкімі Ілияс Испановтың есебі тыңдалды. Жиын шығармашылық академиясында өтті. Қала әкімінің есеп беру жиынына келген әр адамның айтары, сұрары бар. Соның ішінде үлкендер жағын жастар мен жасөспірімдер тәрбиесі қатты алаңдатып тұр. Оған негіз де жоқ емес. Соңғы уақытта өңірімізде айдың-күннің аманында балалар жаға жыртысып, суық қаруға жармасатынды шығарған. Ауыл ақсақалдары тентектерге темірдей тәртіп жетіспейді деп біледі. Қайткенде ер азаматтарды бала тәрбиесіне араластыруға болады? Ер мұғалімдерден педагог әзірлеу керек болса, оны ЖОО-ымен бірге шешу керек. Шаһар басшысы ата -ана мен мектеп арасындағы байланысты нығайту қажет деп есептейді. Психологтар жұмысын күшейту қажет. Сондай-ақ, қазір күндізгі, түнгі рейдтер жүргізіліп жатыр. Тәртіп сақшылары, ерікті ұжымдар, ата-ана жасөспірімдердің топтасуына, көшеде беймезгіл жүруіне жол бермеуі керек. Осы секілді халықты толғандыратын ортақ мәселелер -жол жөндеу, көшені жарықтандыру, қоғамдық көлік санын арттыру. Ал кейбірі өз басымен қайғы. Қала әкімі әлеуметтік мәселелерді шешуге барынша көңіл бөліп жатырмыз дейді.
Қаланың бюджеті 44 миллиард теңгеден асады. Қосымша осы жылы Ақтөбенің 150 жылдығын тойлау шеңберінде қалаға 150 миллиард теңге инвестиция тартылады. Ілияс Испановтың тұрғындармен 4 кездесуі жоспарланған. Ақтөбеліктерден ұсыныс, сұрақтар жазбаша түрде де келіп жатыр. Ешбірі жауапсыз қалмайды, дейді қалабасы.
Количество показов: 1280
Дата создания: 04.02.2019 18:39:09
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>