Қала билігі бүгін босанған аналарды құттықтады
Тәуелсіздіктің 22-ші таңында Ақтөбеде 26 нәресте туылды. Облыстық перинаталдық орталықта дүниеге келген шараналар мен олардың аналарын бүгін түсте қалалық әкімдік өкілдері құттықтады. Бұл перзентханада бүгін бес қыз, жеті ұл жарық дүние есігін ашты. Сәбилерін аман-есен құшағына басқан аналардың қуанышында шек жоқ. Тәуелсіздік мерекесінде ұл тапқан Ақтолқын Орынбаева баласының азат елдің азаматы болып өскенін тілейді. Мейрамгүлдер мен Мейрамбектерді бүгін туылған күндерімен құттықтап, қала әкімі аппаратының бөлім жетекшісі Асылхан Бекболатов келді. Билік өкілі бөбектерге жұмсақ ойыншықтар мен тәтті сыйлықтар тарту етті. Мейрамның алғашқы сағаттарында қаладағы үш босану үйінде 26 шақалақ өмірге келді. Жедел жәрдем ауруханасының босану бөлімінде екі келіншек егіз тапқан. Ақ халаттылар түнгі сағат он екіге дейін тағы сонша баланың туылатынын болжап отыр. |
Количество показов: 1920
Дата создания: 16.12.2013 15:41:33