"Алақай" қуыршақ театрында ертең премьера
"Алақай" қуыршақ театрында ертең премьера. Шыңғыс Айтматовтың повесіне негізделген "Ақ кеме" қойылымы сахналанады. Бүгін дайын жұмыс комиссия талқылауынан сәтті өтті. "Ақ кеме" спектаклі арманшыл 7 жастағы бала туралы. Оның ата-анасы жоқ. Жалғыздықтан жабырқаған бала ішкі мұңын, сырын тау мен тасқа, көлге барып айтады. Жанына тек жақын болғаны атасы ғана. "Алақай" қуыршақ театрының әртісі Гауһар Оралбайдың сөзінше 1970 жылы жазылған туынды бүгінгі күні өзектілігін жоғалтпаған. "Ақ кеме" спектаклінің басты кейіпкері 7 жастағы арманшыл баланың рөлін Әрсен Нұрсұлтан сомдайды. Ол №40 - шы жалпы білім беретін орта мектептің оқушысы. Алғаш рет театр сахнасына шыққалы тұр."Ақ кеме" спектаклінің режиссеры Давид Бурман. Ол ресейлік театр режиссері және продюсері. Петербург қаласынан келген. "Алақай" қуыршақ театрына келіп, актерлерге шеберлік сағатын өткізген. Орыс тіліндегі қойылымда 6 адам ойнайды. Қойылымға дайындық 5 - ші қаңтар күні басталған. Ертең "Ақ кеме" спектаклінің тұсауы кесіледі.Количество показов: 603
Дата создания: 24.01.2023 12:46:16