Қалаға таралатын жылу температурасы жоғарылатылды
Аяздың беті әлі қайтатын емес. Соған қарамастан, ауа райы облыстың жылу тарату жүйесі қызметіне кедергісін келтіре алмайды. Бүгін "Трансэнерго" АҚ басшылығы мекемелер мен тұрғын үйлерді жылумен толық қамтып отырмыз, деп мәлімдеді . Салқынға байланысты пәтерлерге берілетін температура көрсеткіші жоғарылаған. Үйдің іші салқын болса, көп жағдайда еурожөндеу жүргізгеннің кесірінен. "Трансэнерго" АҚ басшылығы бүгін осындай мәлімдеме жасады. Тұрғындар пәтердің жобасын өзгертпес бұрын, тиісті орындармен келіспейді. Өз беттерімен жылыту батареяларын балконға шығарып, бөлмелерге жылытылатын еден төсейді. Ауа райы ерекшеліктерінен бөлек, ыстық су жүретін құбырдың жылуға қатысы бар екенін ескермейді, дейді акционерлік қоғамның баспасөз хатшысы Құндыз Қасенова. "Трансэнерго" ауа райына байланысты тұрғын үйлерге берілетін жылу температурасын қайта қараған. Тиісті стандарттарға сәйкес, салқын күндері пәтерлерде +19+20 градус жылы болуы тиіс. Қазір бұл нормалардың бәрі сақталып отыр. Мекеменің облыс бойынша 76 мыңнан астам абоненті бар. Тұрғын үйлер мен мекемелерді жылыту маусымы 203, ал орта білім беру мекемелері, балабақшалар мен денсаулық сақтау ұйымдары 216 тәулікке дейін созылады. |
Количество показов: 1942
Дата создания: 03.02.2014 18:17:49