Қала 2 ай бойы тазартылады
Бүгін қалада тазалықтың екі айлығы басталды. Бұдан былай әр бейсенбі мен сенбі күндерін ақтөбеліктер көшелерді күл-қоқыстан арылтып, айналасын ретке келтіруге арнайды. Осыған орай қалалық әкімдікте өткен жиында қала әкімі Ерхан Омаров әр мекеме, кәсіпорын басшыларына тапсырмалар жүктеді. Маусымның жетісіне дейін созылатын шараға әр қала тұрғыны қатысуға міндетті. Аумақтар бекітілді. Қаланы жаппай ретке келтіру жұмыстарына 33 колледж бен жоғарғы оқу орындарының ұжымы тартылады. Оған қоса 97-ге жуық облыстық мемлекеттік басқармалар жұмылдырылады. Жұмыстың басым бөлігі мамыр мерекелеріне дейін бітуі тиіс. |
Количество показов: 1624
Дата создания: 07.04.2014 18:08:02