Алға балалар үйінің тәрбиеленушілері демалыс орталығында тынықты
Алға балалар үйінің тәрбиеленушілеріне жаңажылдық тарту. Олар бүгін бір күнін "Береке" демалыс орнында өткізді. Шаңғы теуіп, конькимен сырғанып, қыстың қызығына батты. "Береке" демалыс орталығына балалардың жолы бірінші рет түсіп тұр. Мұнда сабақты жақсы оқитын, тәртіпті 30 оқушы шақырылған. Олар Алғадан автобуспен жетті. Тынығу орнында кішкентай қонақтарға шаңғы тебу, шанамен сырғанау секілді қысқы сауықтың бірнеше түрі ұсынылды. Ұл-қыздар әуелі мұз айдынына шығып, коньки тепті. Жеткіншектер конькимен жүгіріп, жылынып алған соң думан шыршаның жанында жалғасты. Жеткіншектер үшін мұнда мерекелік түскі ас дайындалған. Сыйлықтар таратылды. Өзі де Алғада туып-өскен база қожайыны балалар үйінің тәрбиеленушілерін үнемі шақырып тұруды дәстүрге айналдырмақ. |
Количество показов: 2218
Дата создания: 26.12.2013 19:15:25