Алға қаласында газ құю бекетінде болған жарылыстың себебі анықталып жатыр
Төтенше жағдайды жоюға 7 арнайы техника мен 26 құтқарушы жұмылдырылған. Ал газ құю стансасы түгі қалмай жанып кеткен. Жанар-жағармай бекетінің орны күлге айналды. Абырой болғанда, бұл маңда тұрғын үй жоқ,-дейді мамандар. Өртті сөндіруге екі сағаттай уақыт кеткен. Ақтөбеде аптап ыстық басталғалы суға бату дерегі жиіледі. Құтқарушылар осылай деп дабыл қағуда. Тағы бір қайғылы жағдай сенбі күні, Хромтау ауданы, Қызылсу ауылдық округы, Сарсай ауылы маңындағы Александровка су қоймасында тіркелді. Сүңгуірлер 31 жастағы ер адамның денесін 6 метр тереңдіктен алып шыққан. Ол тыйым салынған жерге суға түскен. Құтқарушылар суға тек рұқсат етілген жерлерге түсу керектігін еске салады. Әуелі шомылатын орынның тереңдігін анықтаған жөн. Қараңғы уақытта, сондай-ақ масайған күйде суға түсуге болмайды.
Количество показов: 731
Дата создания: 18.07.2022 19:31:43