Алға қаласында электр санциясы өртеніп, тұрғындар жарықсыз, сусыз, жылусыз қалды
Алға қаласы мен оған жақын орналасқан 7 ауыл электр жарығынсыз, жылусыз, сусыз қалды. Бүгін таңда Алға электр станциясы отқа оранды. Төтенше оқиға орнына 18 құтқарушы 4 бірлік техника жұмылдырылды, деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі. Зардап шеккендер жоқ. 50 шаршы метр аумақта өрт сөндірілген. Қазір жалынның тұтану себебі анықталуда. Жауапты мекемелер жағдайды қалыпқа келтіруге тырысып жатыр, дейді сондағы тұрғындар. Алаулап жанып жатқан Алға қаласындағы Әйімбетов көшесінде орналасқан электр станциясы. Жалын бүгін таңғы тоғыз жарымдарда тұтанған. Іргедегі ауданның орталығы Алға қаласы мен айналасындағы 7 ауыл осы өрттің салдарынан бір мезетте электр жарығынсыз, жылусыз, сусыз қалды. Өрт сөндірушілер оқиға орнына хабар түсе салысымен 3 минут ішінде жеткен. Қызыл жалынға оранған қақпаны бұзып ашып, ғимаратты көбікпен атқылады.Тілсіз жау 1-1,5 сағат ішінде сөндірілді. Электрик мамандар ішке кіруге мүмкіндік алып, қаланы тез арада электр қуатына қосудың қамына кірісіп кетті. Түске дейін түсірілген бұл видеода сөйлеп тұрған Алға ауданының әкімі Нұрбол Ержанов бір сағат ішінде барлығы қалыпқа келеді деген. Онымен түстен кейін сағат үштерде үйлерге әлі электр жарығы берілмегені белгілі болды.Количество показов: 767
Дата создания: 08.02.2023 12:15:58