Адвокат әйел алаяқтыққа күдікті
Облыстық қорғаушылар алқасының мүшесі, 31 жастағы адвокат алаяқтық бойынша ұсталды. 32 жастағы Индира Досмұхамбетова және оның 34 жастағы жұбайы Рустам Әбдірахманов 18-ші наурыз күні қолма-қол 184 мың теңге ақша алу үстінде ұсталған. Индира Досмұхамбетова облыстық адвокаттар алқасының мүшесі, қорғаушы. Күйеуі екеуі сөз байласып, қорғалушысының анасынан 3 мың АҚШ доллары көлемінде ақша талап еткен. 2009-шы жылдан бері баласы түрмеде отырған әйел жазаны жеңілдетуге көмектесемін деген әйелге соманы бөліп-бөліп төлеп тұрған. Ақырында құр уәдеге алданып келгенін түсінген ана адвокатты қаржы полициясына өзі ұстап берді. Алаяқтыққа күдікті адвокаттың қорғалушысы жақын арада сот шешімімен абақтыдан қоныс колониясына ауыстырылған. Адвокат келіншек болса, судья шешімді өзгертіп, балаңыз қоныс колониясынан қайтадан түрмеге кетуі әбден мүмкін, сондықтан соңғы шешімді өзгертпеу үшін судьяға пара беруіміз керек деп анасын алдап көндіреді. Индира Досмұхамбетова қамауға алынған. Күйеуі, әрі сыбайласы үй қамақта отыр. Дерек бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Тағылған айып расталар болса, кінәліні дүние -мүлкін тәркілеумен қоса 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр. |
Количество показов: 1843
Дата создания: 02.04.2014 18:15:26