Абысын тату болса, ас көп
Жас келіндер жарады! Бүгін "Әйгерім" келіндер клубының мүшелері "Бауырсақ пати" өткізді. Наурыз мерекесі қарсаңында жас келіндер үлкендерден бата алып, көпшілік олар пісірген дәмді бауырсақтан ауыз тиді.Сауда орталығында үлкен де, жас та дәмді бауырсақтан ауыз тиіп , мәре-сәре. Жас келіндер алдынан шыққан үлкендерге сәлем салып, ілтипаттарын да білдіріп жатты. Табақ-табақ бауырсақ таратылып, мерекенің көркі қыза түсті. Ақ бауырсақтан дәм татқан үлкендер жас келіндерге баталарын беріп жатты. Жас келіншектер бауырсақтың 10 шақты түрін дайындаған. Еліміздің әр өңірінде бауырсақтың дәмі бір болғанымен, пішіні әртүрлі болатынын білеміз. Ендігі "Бауырсақ патиде" дәмнің түрін көбейтеміз деп отыр. Облыстық балалар мен жастар қауымы орталығы жанынан жақында ғана құрылған "Әйргерім" келіндер клубына 40- тан астам жас келіншектер мүше болып үлгеріпті. Жас келіндер клуб мүшелері абысында- келінді болып кеттік. Бір- бірімізден үйренеріміз көп , болашақта білгенімізді тұрмыс құратын қыздарға да үйреткіміз келеді, дейді. Келіндер клубы ұлттық салт-дәстүрді насихаттау мақсатында құрылған.
Количество показов: 746
Дата создания: 15.03.2023 11:29:28