Қабырғасы сөгілген ғимараттан құлағалы тұрған кірпіштер адам өміріне қауіпті
№2 облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне келіп-кетушілердің назарын аударту үшін мына ескерту парақтың ілініп тұрғанына бірнеше ай болды. Онда «Абай болыңыз, төбеден кірпіш құлауы мүмкін!» деп жазылған. Расымен де, спорт мектебіне көрші орналасқан ғимараттың бір жақ қабырғасы сөгіліп тұр. Ал спорт мектебінде 200-ге тарта бала жаттығады. Спорт мектебінің ауласына кіретін тұста кез-келген уақытта төбеден кірпіш құлап, адамды жазым қылуы бек мүмкін. Күдікті ешкім жоққа шығармайды. Жаттықтырушылардың қолынан келетіні тек оқушыларын ауладан сыртқа жетектеп, шығарып жіберу. Бұған дейін №2 облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің басшылығы көрші ғимаратқа барып, төтенше оқиғаның алдын алуды ескерткен. Ал кірпіштері кертіліп, қабырғасы сөгіліп тұрған ғимарат «НефтеГазДем» зейнетақы жинақтау қорына тиесілі. Ескі нысанда оның басшыларының өзі ұзақ қалудан сескенетін сыңайлы. «НефтеГазДем» зейнетақы жинақтау қорының басшысы да, орынбасары да бүгін қызмет орындарында жоқ. |
Количество показов: 2040
Дата создания: 23.01.2014 18:52:55