"Абайлаңыз, пойыз!" Ақтөбеде тұрғындар жүрісін қысқартпақ болып, шойын жолды белгіленбеген жерден кесіп өтуге әбден машықтанып алған. Сол себепті бүгін желілік полиция басқармасы қызметкерлері Ақтөбе темір жол станциясы өкілдерімен бірлесе ақтөбеліктерге кезекті рет ескерту жасады. Жыл басынан бері пойызды жедел тежеудің 51 дерегі тіркелген. Басым бөлігіне адамдар кінәлі. 17 жағдайда шойын жол бойында мал жайылып жүрген. Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжі маңынан пойыз жүреді. Сол шойын жолдың бойында қызметтік өткел бар. Вокзал қызметкерлері мен жұмысшылары ғана қажет уақытта пайдаланады. Өзге адамдарға бұл жермен жүруге рұқсат жоқ. Алайда қала тұрғындары ескертуге құлақ асар емес. Өздеріне арналған өткелді алыссынып, осы жерді төте жол қылып алған.
Желілік полиция қызметкерлері биылдыққа 10 рейд өткізген. Халық арасында түсіндіру жұмыстары жиі жүргізіледі. Әйтсе де ақтөбеліктер арасында жол қысқартамын деп, бастарын бәйгеге тігушілер азаяр емес. Темір жолды белгіленбеген жерден өткен мыңнан аса тұрғынға әкімшілік хаттама толтырылған.
Количество показов: 586
Дата создания: 12.09.2022 23:08:56
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>