Абай көшесі бірнеше жылдан бері асфальт сұрап келеді
Жол жоқ. Уәде көп. Абай көшесінің тұрғындары бес жылдан астам уақыт билiктен жол салып беруiн сұрап келедi. Көшеде асфальт пен жарық шам жоқ. Таксистер Абай кқшесіне барудан бас тартса, «Жедел жәрдем» машиналары ауруларды алып кету үшiн қатты қиналады екен. Әсіресе, жаңбырлы күндері ми батпағы шыққан көшемен жүру қиямет қайым. Ұмыт қалған көше. Ақтөбеде Абай көшесінің тұрғындары билікке өкпелі. Жолы жоқ, тас қараңғы көшеде тұрып жатыр. Бұл Сүт зауыты ауданыны тұрғындарының бас ауруына айналған өзекті сауал. Мәселені шешу кезең-кезеңімен жүзеге асады деген жауаптылар із-түссіз кеткен. Тұрғындар билік тарапынан берілген уәденің орындалмағанын айтады. Ағайынға асфальт төселген тасжол қажет.Қазақтың бас ақынының атын алып жүрген көше жарықсыз және жолсыз отыр. Бұл аймақ Кеңестік дәуірден бері жөндеу көрмеген. 40 шақты үйі бар көшеде 200 ден астам тұрғын бар. Әр үйде бірнеше баладан. Тұрғындар алда қыс келе жатыр, қараңғы ерте түседі, балаларымыз мектептен қайтқанда алаңдаймыз дейді.
Көшеге асфальт төсеу мәселесін көтеріп, бармаған жерлері қалмапты. Бес жыл бойы қала әкімдігінен бастап тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөліміне дейін арызданған. Шағым шенеуніктердің құлағына жетсе де, нәтиже жоқ.
Күзде суға, қыста қарға бататын көше тұрғындарына жолдан бөлек жарықшамдар да қажет. Күн батса мына жер тас қараңғыға айналады,-дейді қараша халық. Бұл мәселе жергілікті атқамінерлерге айтылған. Алайда қозғалыс жоқ. Тұрғындардың тілегі-ұлы ақынның атымен аталатын көше атына сай болса екен,-дейді.
Количество показов: 602
Дата создания: 08.09.2023 06:17:51