Абаттандыру ережесін сақтамаған кәсіпкерлерге айыппұл салынып жатыр.
Абаттандыру ережесін сақтамаған кәсіпкерлерге айыппұл салынып жатыр. Енді қаладағы кәсіпорын иелері тазалық сақтамаса айыппұл төлейтін болды. Кеше қала әкімінің орынбасары Гүлсім Сисенова бірқатар кәсіпкерлік нысандарды аралып, олардың қожайындарына ескерту жасады.Кеше арнайы топ Батыс шағын ауданындағы бірқатар мекемелерді аралап шықты. Ораз Тәте ұлы көшесіндегі «Падиша» көйлек дүкенінің иесіне полиция 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салғанын жеткізді. Өйткені дүкеннің маңы абаттандырылмаған. Мұнан бұрын тәртіп сақшылары дүкен иесіне ескерту жасапты. Нәтиже болмаған соң шара қолдануға тура келген. Мұндай ғимараттар қалада өте көп,- дейді комиссия мүшелері.
Қалада тазалық айы шеңберінде ауласы абаттандырылмаған, маңайында қоқыс шашылып жататын ғимараттардың қожайындарына айыппұл салу шаралары жалғасатын болады. Санитарлық тазарту және абаттандыру бойынша күзгі екі айлық басталғалы 15 күн ішінде жүздеген кәсіпкерге ескерту жасалыпты. Бірақ одан нәтиже шығармағандарға 75 млн теңге айыппұл салынған. Полиция қала бойынша 8 мыңға жуық әкімшілік хаттама толтырып үлгерген.
Қала әкімінің орынбасары Гүлнәз Сисенова тазалық айлығы аяқталса да, шахардағы барлық нысан полиция бақылауында болатынын айтады. Ғимарат маңы абаттандырылмаған нысандарға тұрақты түрде айыппұл салынып отырады. Айналасы күл-қоқыстан тазартылмайтын тұрғын үйлердің пәтер иелері коопеаривтеріне де осындай шара қолданылады,- дейді қала әкімінің орынбасары.
Количество показов: 537
Дата создания: 19.09.2023 05:49:45