Ақтөбеліктердің жолаушы тасымалы қызметіне көңілдері толмайды
Жол ақысын төлеу жүйесі автоматтандырылғалы қоғамдық көлік қозғалысы бәсеңдеді. Бұған қолма-қол ақша жойылып, жүргізушілердің қосымша табыстан қағылуы себеп, дейді ақтөбеліктер. Жолаушылардың бұрынғыша автобус қызметіне көңілдері тоқ емес. Жолаушы тасымалы қызметіне ақтөбеліктердің көңілі толған емес. Барлық бағытқа бірдей жағдай жасалмаған. Бір бағытқа үлкен сыйымдылықтағы жаңа автобустар жіберілген. Арасына 10-15 минут салып үздіксіз қатынайды. Ал кейбір бағытта ескі сары автобустар әлі жүр.
Шанхай ауданы тұрғындары автобустар санының азайып кеткенін айтады. Халықтың айтуынша, кей бағыттар мүлдем қысқартылған.
Жолаушы тасымалы қызметімен айналысатын компанияларға автобус жүргізушілері жетіспейді. Оған бірнеше себеп бар. Автобустар жиі істен шығады. Қаланың жолдарымен көлік жүргізу сабырлылық пен төзімділік талап етеді.
Количество показов: 557
Дата создания: 05.12.2022 19:15:07
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>