Ақтөбеліктер Шоқыну мерекесін атап өтті.
Сенбіден жексенбіге қараған түні жер бетіндегі барлық су-тоғандардың тазаратынына сенетін тұрғындар түнжарымда Кірпішті көпірі маңындағы өзенге ағылды. Халық санында шек жоқ. Діни сенімдері де, ұлттары да түрлі азаматтар. Араларында балалар да бар. Олар мұз бетінен ойылған үшбұрышты ойыққа кезекпен- кезек сүңгіп шықты. Суық суға шомылушыларды қызықтап тұрғандар жетерлік. Шомылу процесін құтқарушылар мен полиция бақылауда ұстап тұрды. |
Количество показов: 1767
Дата создания: 19.01.2014 15:52:01