Ақтөбеліктер саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды
Бүгін 31 - ші мамыр - Саяси қуғын - сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Осынау маңызды күнде қаламыздың тарихшы, өлкетанушы, қоғам қайраткерлері "Азаттықтың ақ таңы" стелласы алдына жиналып, саяси қуғын - сүргін құрбандарын еске алып, ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Азаттықтың жолында құрбан болған арыстарымыздың рухына тағзым етіп, тарих жылдары туралы сыр шертті.Республика көлемінде саяси қуғын - сүргін құрбандарын ақтап алу мәселесі қолға алынуда. Осыған орай облысымыз бойынша 9 бағытта жұмыс атқарылып жатыр. Қазіргі таңда саяси қуғын - сүргінге ұшыраған адамдарды реабилитициядан өткізу, құрбан болған діни қайраткерлердің есімі мен бай - кулактардың есімін жаңғырту, сондай - ақ, Ұлы Отан соғысы жылдары тұтқында болған азаматтарды зерттеу мәселелері қаралып жатыр. Аталған бағыттарды жүзеге асыруда 30 - дан астам тарихшылар мен әлеуметтанушылар жұмыс жасауда. 3600 - ге жуық азаматтың құжаттары республикалық комиссияға жолданады. "Азаттықтың ақ таңы" стелласы алдына тарихшы, өлкетанушы, қоғам қайраткерлерімен қатар саяси қуғын - сүргін құрбандарының ұрпақтары да жиналды. Шара барысында облыс бойынша саяси қуғын - сүргін құрбандарын ақтап алу мәселесі қозғалып, тәуелсіздік жолында құрбан болған Алаш қайраткерлерінің рухына тағзым етіліп, гүл шоқтары қойылды
Количество показов: 857
Дата создания: 01.06.2023 03:46:55