Ақтөбеліктер көлік дөңгелектерін ауыстыруға кірісті.
Бүгін тәңертеңнан бастап, жапалақтап жауған қар түске дейін толастаған жоқ. Шиномонтаж орталықтарының маңында ұзын-сонар кезек. Орталық мамандары алдағы екі күн демалыс болғандықтан тәңертеңнен түн ортасына дейін үзіліссіз жұмыс істеуге тура келеді деп отыр. Көп жүргізушілер демалыс күндері келіп, доғалақтарын ауыстырмақшы. Доңғалақ жөндеу орталықтарындағы қызмет құны былтырғыдан өзгермеген. Биылғы маусымда да доңғалақтың көлеміне қарай баға 6 мың теңгеден басталады. Газель шағын жүк көліктерінің төрт доңғалағын алмасытыру құны 16 мың теңгеге дейін барады екен.Темір тұлпардың жүрісі қыста сыр бермеу үшін доңғалақты да табанына таға қаққандай тікенектісіне ауыстырған дұрыс. Қазіргі кездегі Еуропалық үлгідегі қыстық доңғалақтар біздің ауа райына сай келмейді дейді мамандар. "Липучка" деп аталып кеткен жапсырмасы бар қыстық доңғалақтар қаланың ішінде жүруге ғана ыңғайлы. Ал, қала аралық жолдарда ондай доңғалдақтар өте қауіпті дейді мамандар. Сондықтан жергілікті жүргізушілердің дені тікенекті доңғалақтарды таңдайды.Количество показов: 449
Дата создания: 28.10.2023 01:08:46