Ақтөбеліктер бұқаралық спорт күнін атап өтті
Спорт мерекесі түн жарымына дейін жалғасты. Триатлон саябағында ақтөбеліктер мен қала қонақтары үшін қызықты бағдарлама ұйымдастырылды. Мұнда шығыс жекпе-жегінің шеберлері өнер көрсетіп, жұдырықтасқан боксшылар көрерменнің қошеметіне бөленді.
Ал тоғызқұмалақтан спорт шеберлері келушілерге шеберлік сабағын өткізді. Спорттың бұл түрінен біздің өңірдің қоржыны медальге толы. Республикалық, Азия чемпионаттарын жеңіп жүрген спорт шеберлері жетерлік. Солардың бірі- тоғызқұмалақтан республиканың үш дүркін чемпионы Мөлдір Серікқызы. Бүгінгі күні Ақтөбе облысында 15 олимпиадалық спорт түрі дәріптеледі. Бұдан бөлек, ұлттық спортты насихаттайтын екі федерация бар. Жаңадан құрылған федерациялар қатарында аралас жекпе-жек спортын айтуға болады. Саябақтағы спорт мерекесіне келген өңір басшысы Оңдасын Оразалин бұқаралық спортты дамытуға әрбір тұрғын мұрындық болуы қажет деген пікірде. Заман талабына сай қажетті спорт залдары мен ашық аспан аясында саябақтар, аулаларда жаттығу алаңдары көптеп салынатын болады. Облыс әкімі саябақты аралап, спортшылармен әңгімелесті.
Жыл соңына дейін аудандарда бірқатар спорттық кешендер бой көтерді. Шалғай ауылдарда да қазіргі уақытта спорттың кез келген түрімен айналысуға толықтай мүмкіндік бар. Егер өткен жылы облыста 60 жаңа нысан пайдалануға берілсе, биылғы жылы 90-ға жуық спорт нысандарын қолданысқа беруді жоспарлап отырмыз", – деді Оңдасын Оразалин.
Мереке аясында спорттың насихатталуы мен оның дамуына зор үлес қосып жүрген спортшылар мен спорт ардагерлері және дене тәрбиесінің үздік мұғалімдері марапатталды. Бірқатар фитнес-клубтардың өкілдеріне құрмет көрсетілді. Олардың арасында қоян-қолтық ұрыс пен шығыс жекпе-жегінің шеберлері де бар. Спорт күні мерекесінде өңірдің мықты чемпиондарын тәрбиелеп жүрген бапкерлері марапатқа ие болды. Спортың барлық түрінен ел чемпиондарын баптаған жаттықтырушыларға облыс әкімі Оңдасын Оразалин төсбелгі мен алғыс хаттар табыстады. Шара барысында ақтөбелік спортшылардың да жетістіктері атап өтілді. Таэквондо, каратэ, у-шу секілді үйірмеге қатысушылар өз өнерлерін қала тұрғындары мен қонақтарының назарына ұсынды. Сондай-ақ, күрес түрлері де дәріптелді.
Количество показов: 835
Дата создания: 25.08.2022 22:36:59